Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жанна Исақызы Керімтаева-Сатыбалдиева"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Қазақстан киноактрисалары» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:20, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Кинематограф Жанна Исақызы Керімтаева-Сатыбалдиева (1952 жылы 7 қарашада Алматы облысы Қаскелең ауданының Абай атындағы ұжымшарында туған) — актриса.
Өмірбаяны
- Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты актерлік бөлімшесінің қойылымдық факультетін бітірген (1974) драма театры және кино актері.
- 1974 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының актері.
- 2002 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының оқытушысы.
Рөлдері
Келесі кинофильмдерге түскен:
- «Кочующий фронт» - Албанчи (Свердловск киностудиясы, 1970),
- «Үлкен жаңа жыл кеші» - Лайла (Рига киностудиясы, 1974),
- «Нан мен тұз» - Қарагөз («Қазақфильм», 1976),
- «Объяснение в любви» - Әнел («Қазақфильм», 1977),
- «Сыңғырық аптап мерзімі» - Шолпан («Қазақфильм», 1980),
- «Соңғы асу» - Тоқан («Қазақфильм», 1981),
- «Ловец» - Жәния (Орталық телевизия, 1987),
- «Долгий млечный путь» - Айша («Қазақфильм», 1989),
- «Аңыз Шоқан» («Қазақ-фильм», 1989),
- «Фонтан» («Ленфильм», 1989),
- «Түс ішіндегі түс» («Қазақфильм», 1993),
- «Құдайлардың сыйы» («Қазақфильм», 1998) және тағы басқа.
Марапаттары мен еңбектері
- «Актерлік шеберлік» оқу-әдістемелік көмекші құралының авторы (2008).
- ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998).
- Мемлекеттік кинематография жөніндегі комитеттің Құрмет грамотасымен марапатталған (1970).
- Киев қаласынағы Халықаралық кино байқауындағы Украина жазушылар одағы сыйлығының
- «Ленфильм» Бүкілресейлік кино байқауының «Алтын Дюк» сыйлығының иегері.
Отбасы
- Әкесі - Керімтаев Иса Төлеңгітұлы, К. Ушинский атындағы мектептің директоры.
- Тұрмыс құрған. Жұбайы - Сатыбалдиев Е.А., баспагер. Қыздары - Сатыбалдиева А.; ұлы - Сатыбалдиев М.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>