Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Саша Питерс"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:08, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Кинематограф Саша Эмбет Питерс-Шиффер (ағыл.Sasha Embeth Pieterse-Sheaffer; 17 ақпан 1996, Йоханнесбург) Оңтүстік Африканың киноәртісі.
Өмірбаяны
Саша Питерс 1996 жылдың 17 ақпанында Йоханнесбургте ( ОАР) дүниеге келген. Кейін Лас-Вегасқа киноға түсу үшін көшіп келеді. 2003 жылы «Жас Әртіс» деген жүлдеге «Отбасылық іс» деген телесериалда түскені үшін марапатталады.
Шығармашылығы
Саша жас кезінен-ақ телешоу мен фильмдердің ауыр жұмысына төзімді бола білді. 6 жасында Саша ең бірінші рет экран бетіне шықты. Ол «Отбасылық іс» атты телесериалында Баффи Дэвис рөлін сомдады. 2004 жылы «Жұлдыздар қақпасы SG-1» сериалында, кейінірек 2005 жылы екі эпизодқа «Іздеуге жарияланған» сериалында ие болды. Үлкен танымалдылықты оған «Дәрігер Хаус» сериалындағы опа ауруымен ауырған Энди рөлі алып келді. Тағы бір үлкен табысты оған «Сүйкімді өтірікшілер» сериалындағы Элисон ДиЛаурентис рөлі арқылы иемденді