Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Деми Ловато"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:08, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Cleanup Үлгі:Кинематограф Деметрия Девонне «Деми» Ловато (Үлгі:Lang-en; 20 тамыз 1992, Даллас, АҚШ) — американдық актриса және әнші. Ол «Дисней» компаниясының «Жазғы лагерьдегі Рок» және «Жазғы лагерьдегі Рок 2» фильмінде Митчи Торрес деген атпен басты рөлді сомдап, сол арқылы бүкіл әлемге танылды. Сонымен қатар «Санниге тағы бір мүмкіндік беріңдер» атты Дисней каналының сериалында басты рөлде ойнады. 2009 жылы «Ханшайымдарды қорғау бағдарламасы» атты фильмде Селена Гомеспен бірге басты рөлді сомдады. Кейін "Барни және достар" фильмінде шағын рөлде ойнады<ref name="WP">Үлгі:Cite news</ref><ref name=TheStar>Үлгі:Cite news</ref>.
Мазмұны
Өмірбаяны
Деми Ловато Техастағы Даллас қаласында дүниеге келді. Әкесі - Патрик Ловато,ал анасы - Дианн Харт Де Ла Гарц. Оның үлкен әпкесі Даллас Ловато мен сіңлі Мэдисон Де Ла Гарса. Деми мектепті бітіріп,димплом алды. 7 жастан бастап пианинода ойнауды үйренді.
2008—2009: Don’t Forget және Here We Go Again альбомдары
23 қыркүйекте 2008 жылы Деми өзінің Don’t Forget деген жеке альбомын шығарды. Ол бұл альбомды 10 күннің ішінде шығарып, рейтингте 2 орын алды. Get Back әні Hot 100 ән байқауында 43 орынды алды. Екінші әні La La Land 2008 жылдың желтоқсанында шығып, 52 орынға түсті. Бәріненде 2009 жылы шыққан Don’t Forget әні 41 орынды алды. 2009 жылы Деми One and the Same әнін «Ханшайымдарды қорғау бағдарламасы» фильмінде бірге ойнаған әнші Селена Гомеспен жазды.
21 шілдеде екінші Here We Go Again альбомы шығып, рейтингте бірінші орынды басты.
Жеке өмірі
Аз уақыт бой Деми Metro Station группасындағы Трейс Сайруспен кездесті (Майли Сайрустың ағасы), бірақ араларында келіспеушілік туындап, ара-қатынастары үзілді. 2010 жылы Деми «Жазғы лагерьдегі рок» фильмінде бірге ойнаған Джо Джонаспен қосылды. 24 мамыр 2010 жылы барлық жұрт алдында екеуінің бірге емес екенін, енді дос болып қалғанын жариялады.