Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Асхат Берлешұлы Шахаров"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
23:57, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Асхат Берлешұлы Шахаров (3 қазан 1978 жыл, Ақбұлақ, Орынбор облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, дзюдо күресінен спорт шебері, 2023 жылғы 5 қыркүйектен бергі Ақтөбе облысының әкімі.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Өмірбаяны
Асхат Шахаров 1978 жылғы 3 қазанда кеңестік Ресейдегі Орынбор облысының Ақбұлақ ауылында дүниеге келген.
Әкесі — Шахаров Берлеш Шағанбайұлы (1955 жылы туған), жүргізуші. Анасы — Шахарова Люба Күлмағамбетқызы (1957 жылы туған), мейірбике.
Асхат Шахаров 1999 жылы Қазақ мемлекеттік туризм және спорт академиясын дене шынықтыру пәнінің оқытушысы — спорт бойынша жаттықтырушы, 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын аяқтаған да, экономика ғылымдарының кандидаты болған.
2005 жылғы қарашадан бергі Ақтөбе педагогикалық институты дене тәрбиесі кафедрасының доценті.
2007 жылғы сәуірден Ақтөбе облыстық олимпиадашылар резервін дайындау орталығының директоры.
Саяси мансабы
2013 жылғы маусымнан бері БҚО Қаратөбе ауданының әкімі қызметін, 2017 жылғы шілдеден БҚО Зеленов ауданының әкімі, 2020 жылғы наурыздан Ақтөбе қаласының әкімі болды.
2022 жылғы қарашадан 2023 жылға дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
2023 жылғы 5 қыркүйекте Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.
Спортағы мансабы
Самбодан үш мәрте әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері, дзюдодан дүниежүзілік біріншіліктің қола жүлдегері, Қазақстан еңбек сіңірген спорт шебері.
- Самбо мен дзюдо күресінен ҚР чемпионы (1998-2005);
- Азия біріншіліктері және чемпионаттарының 2 мәрте жеңімпазы, 3 мәрте жүлдегері;
- Самбодан әлем чемпионы (Ақтөбе, 1997; Красноярск, 1998);
- Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Испания, 1999).
- Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Мюнхен, 2001).
- 2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан (Сидней, 2000);
- Самбо күресінен 3 мәрте әлем чемпионы (Киев, 2000; Кишинёв, 2004; Астана, 2005).
Марапаттары
Шахаровтың марапаттары және атақтары:<ref>Үлгі:Кітап</ref>
- Дзюдо күресінен халықаралық санаттағы спорт шебері (1997);
- Ақтөбе облысының Жыл адамы (2005);
- Құрмет ордені (2009);
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001);
- Астанаға 10 жыл медалі (2008).
Дереккөздер
Үлгі:Navigation with columns Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Bio-stub
- Алфавит бойынша самбошылар
- Алфавит бойынша дзюдошылар
- Қазақстан самбошылары
- Қазақстан саясаткерлері
- Қазақстан дзюдошылары
- Ресей қазақтары
- Жаңа экономикалық университеті түлектері
- Ресей мемлекеттік қызмет академиясы түлектері
- Экономика ғылымдарының кандидаттары
- Ақтөбе әкімдері
- Ақтөбе облысының әкімдері
- Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері
- 2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушылары
- Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері