Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қайрат Кәрімов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:06, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Қайрат Кәрімов (1969 жыл, Екібастұз, КСРО) — КСРО және қазақстандық футболшы, қорғаушы.
Карьерасы
1987 жылы "Екібастұз" клубында футболшылық ғұмырын бастады. Сол жылы-ақ Алматының РШВСМ (кейін ол клуб СКИФ деп аталды) ауысты. 1989 жылға дейін алматылық клубта ойнап, КСРО тарайтын жылдары Ұзынағаштың "Ақ қанат" клубында өнер көрсетті.
1992 жылы Қазақстанның тұңғыш чемпионатында "Қайрат" футболшысы атанып, Қазақстан чемпиондығы мен Қазақстан кубогына қол жеткізді.
1993, 1994 жылдары "Намыс" командасында азырақ ойнады да, футболмен қоштасты. 1993 жылы 25 тамыз күні "Қайсардың" қақпасына клуб сапындағы жалғыз голын соқты.
Жетістіктері
Командалық
- Қазақстан чемпионы: 1992
- Қазақстан кубогы: 1992