Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Руслан Тахирұлы Балтиев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Футболшы Руслан Тахирұлы Балтиев (16 қыркүйек 1978) — қазақстандық футболшысы. Қазақстан құрамасының экс-жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық

Руслан 1996 жылы қаңтар айында "Қайрат" мини-футбол клубында ойнап, Қазақстан чемпионы атанды. Сол жылы көктемде футболдан "Қайнар" сапында кәсіби карьерасын бастады. Кейін Ресейдің "Сокол", "Динамо", "Шинник", "Мәскеу" клубтарында бірнеше жыл ойнап, 2007 жылы Қазақстанға оралды<ref>http://www.sovsport.ru/news/text-item/252202</ref>. 2007 жылы жазда "Тобыл" клубымен бірге Интертото кубогын ұтып алды.

2009 жылы "Тобыл" сапында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанатын мүмкіндіктен айрылды да, маусым соңында клубтан кетті. 2010 жылы Ресейдің "Жемчужина" клубына ауысты. 2011 жылдың басында ол клубтан кетіп<ref>http://www.newskaz.ru/sport/20110107/1032938.html</ref>, "Қайратпен" келісім-шарт жасасты. Бірақ жиі жарақат алды да, 2012 жылы 34 жасында карьерасын аяқтауға мәжбүр болды.

Ұлттық құрама

Қазақстан құрама командасы сапында тұңғыш рет 1997 жылы қыркүйектің 2-сінде Қытайға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. Сол жылы 20 қыркүйек күні Алматыда Өзбекстан құрамасы қақпасына тұңғыш голын соқты. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл 1998 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің екінші кезеңі болатын.

Соңғы ойынын 2009 жылы 14 қазанда Хорватияға қарсы өткізді.

Ұлттық құрама сапында 73 ойын өткізіп 13 гол соққан.

Құрама сапында 1997–2010 жылдары 73 кездесуде алаңға шықты. Бұл Самат Смақовтан кейінгі екінші нәтиже.

Статистикасы

Клубтық

1996 Қайнар 13 (1)
1997 Қайрат 15 (3)
1998—1999 ЦСКА-Қайрат 45 (7)
2000 Аксесс-Голден Грейн 15 (2)
2001—2002 Сокол (Саратов) 54 (7)
2003—2004 Динамо (Мәскеу) 29 (2)
2004—2006 Мәскеу 30 (1)
2005 →  Шинник 11 (1)
2007—2009 Тобыл (Қостанай) 69 (16)
2010—2011 Жемчужина-Сочи 20 (1)
2011—2012 Қайрат 22 (2)

Жетістіктері

Командалық

  • Мини-футболдан Қазақстан чемпионы 1996
  • Қазақстанның вице-чемпионы 2000, 2007, 2008
  • Қазақстанның қола жүлдегері 1997
  • Қазақстан кубогы 2007
  • Интертото кубогы 2007

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Бастама Үлгі:Сыртқы сілтемелер