Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гауһар Ғалымжанқызы Тұрмаханова"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Спортшы Гауһар Ғалымжанқызы Тұрмаханова — 1992 жылы шілденің 28-де, Отырар ауданы, Көксарай ауылы, Жанкелді елді мекенінде дүниеге келген.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Мектеп жасынан дзюдо және самбо күресімен айналыса бастаған. Денсаулығына байланысты 2016 жылы спорттық өмірін тәмәмдады.
Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Спорттағы орны
Тарихта Қазақстан бойынша 3-ші әлем чемпионы атанған қыз.
2012 жылы Шымкет қаласында өткен «Үздік» жастар премиясының номинант тізімінде «Үздік жас спортшы» деген атауды иеленген.
Отбасы
Отбасында: әкесі, анасы, екі інісі және екі сіңлісі бар.
Білімі
Көксарай ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 9 жыл білім алып, 2008 жылы Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ университетінде заңгер мамандығына оқуға түседі.
Жетістіктері
- 2012 жылы — Корея елінде өткен самбо күресінен Азия біріншілігінде алтын медаль иегері.
- 2013 жылы — Болгария елінің София қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде алтын медаль иегері.
- 2014 жылы — Жапония елінің Нарита қаласында өткен ересектер арасында самбо күресінен әлем чемпионы атанған.
- 2014 жылы — самбо күресінен әлемді бағындырған қыз атанды.
- 2015 жылы — Африка құрлығындағы Марокко қаласында өткен кезекті әлем біріншілігінде 2 орын иегері.
Жұмыс орны
2017 жылы Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ дене шынықтыру пәніне мұғалім болып жұмысқа тұрды.
2021 жылы Түркістан қаласындағы ХББ НЗМ дене шынықтыру пәніне мұғалім болып жұмысқа тұрды.