Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Алмастыру (метонимия)"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Алмастыру (метонимия) деп бір-бірімен өзара, іштен байланысты екі құбылыстың, бұйымның, нәрсенің атын бірінің орнына бірін ауыстырып қойып жұмсауды айтамыз. Бұл орайда Абай алмастырудың сан қилы, алуан түрлі үлгілерін тауып, шеберлікпен пайдаланған. Мыс.,
- «Күшік асырап, ит еттім,
- Ол балтырымды қанатты.
- «Біреуге мылтық үйреттім,
- Ол мерген болды, мені атты».
«Күшік асырап, ит еттім». Ақын бұл жерде іс-әрекеті жауыздыққа ұласқан жалмауыз, қанішер жанды суреттейді. «Үйі мәз боп, қой сойды, Сүйіншіге шапқанға». Мұнда сүйінші сұрауға жүгірген адамдар мекендейтін тұрақ-үйдің өзі емес, ақын сол үйдің ішіндегі адамдарды айтқан. «Имансыздық намазда - Қызылбастың салған жол. Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?» Немесе «Единица - жақсысы, Ерген елі бейне нөл. Единица нөлсіз-ақ, Өз басындық болар сол. Единица кеткенде, Не болады өңкей нөл?» Абайдың қызылбас дегені - дұшпанды, шуылдақ дегені - көпшілікті, единица дегені - көшбастаушы көсемді айтқаны.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>