Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Аллаяр софы"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Аллаяр софы, Софы Алаяр (т,- ө. ж. белгісіз) - 18 ғасырдың орта тұсында өмір сүрген діни ақын. Ол ислам дінін дәріптеген. Аллаяр софының ең басты шығармасы «Ғазизаға бағыштау» деген шығармасында құдайдың пайғамбарларға жіберді дейтін 4 кітабы: «Тәурат», «Забур», «Інжіл» және «Құран» аталады. Аллаяр софының бұл еңбегі қазақтар арасына 1917 жылғы төңкеріске дейін тараған. Абай бұл шығарманы жете білген. Ол өзінің діни ұғымдарға түсініктеме беріп, дін, сенім туралы түйгендерін қорытқан. «Отыз сегізінші сөзінде» Аллаяр софының: «Бір фәрдәдән жүз фәрдә бижай» деген қанатты сөзін келтіреді. Софының бұл сөзін: «Шәкірліктен ғибадаттың бәрі туады. Енді зинһар ғадаләт шапағаттан босанбаңдар. Егер босансаң, иман да, адамдық та Һәммасы босанады» деген тұжырымын дәлелдеу үшін пайдаланған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>