Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Адемир"
(→Сілтемелер) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Футболшы Адемир Маркес де Менезис (порт.Ademir Marques de Menezes; 8 қараша 1922 жыл — 11 мамыр 1996 жыл) — бразилиялық футболшы, шабуылшы. Бразилия Ұлттық футбол құрамасы тарихындағы ең үздік шабуылшылардың бірі.
Карьерасы
Футболға 14 жасында келді. Екі рет штаттар арасында чемпион атанып үлгерді. Кейін ересектер арасында үш рет осы титулға қол жеткізді. 1948 жылы кәсіпқойлық деңгейін көтеру үшін "Флуминенседен" "Васко да Гамаға" қайта оралды. Онысы нәтиже берді де: Бразилия Ұлттық футбол құрамасына қайта шақырылды. Футболдан 1950 жылғы әлем біріншілігінде ең үздік мерген атанды. Чемпионатта Адемир сегіз гол соқты. Тек топтық турнирдің соңғы матчында Уругвайдың қақпасына гол соға алмады. Бұл ойында Бразилия құрамасы 1:2 есебімен ұтылып, чемпион атана алмады.
1954 жылғы әлем біріншілігіне Адемир жарақатының кесірінен бара алмады.
Бапкерлік карьерасы ұзаққа созылмады. Аз уақыт "Васко да Гаманың" тізгінін ұстады да, көп ұзамай өз еркімен бас тартты.
- 1937—1942 Үлгі:Flagicon Спорт Ресифи ? (27)
- 1942—1945 Үлгі:Flagicon Васко да Гама
- 1946—1947 Үлгі:Flagicon Флуминенсе 77 (64)
- 1948—1956 Үлгі:Flagicon Васко да Гама 429 (301)
- 1957 Үлгі:Flagicon Спорт Ресифи 1 (0)
Жетістіктері
Командалық
- Оңтүстік Америка чемпионы: 1949
- Әлемнің вице-чемпионы: 1950
- Рио штатының чемпионы (5): 1945, 1946, 1949, 1950, 1952
- Пернамбуку штатының чемпионы: 1939, 1940, 1941
- Клубтар арасындағы Оңт. Америка чемпионы: 1948
Жекелей
- Әлем чемпионатының үздік мергені: 1950 (8 гол)
- Америка Кубогы финалында хет-трик жасаған жалғыз футболшы: 1949<ref>Southamerican Championship 1949</ref>.