Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сәуле (Қарағанды облысы)"
(Rescuing 1 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.9.5) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Сәуле — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Жидебай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Тоқырау өзенінің бойында, аудан орталығы – Ақтоғайдың солтүстік-батысында 15 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1929 жылы Оян, Сәуле ұйымдары болып қаланған. Ауылдық округ аумағында Сәуле, Киров, Пушкин, Тельман, Буденный ұжымшарлары ұйымдастырылған. 1952-1954 жылдары Сәуледе машина трактор станциясы (МТС) ашылып, трактор жөндеу шеберханасы салынды. 1968 жылы - «Қоңырат» кеңшары және Киров ауылдық кеңесінің орталығы. Жерінің жалпы ауданы 142,2 мың га. Шаруашылықтың негізгі бағыттары - қой, ірі қара өсіру, қосымша саласы - егін егу болды. Кеңшар негізінде 72 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1303 | Үлгі:Құлдырау725 | Үлгі:Құлдырау543 | 74,9 | 357 | Үлгі:Құлдырау266 | 74,5 | 368 | Үлгі:Құлдырау277 | 75,3 |
Инфрақұрылымы
Округ елді мекендерінде Үшарал, Қарақой , Жалаңаш, Көрпетай ауылдары, 5 мектеп, ОДА, клуб, «Сарыарқа» ұлт аспаптар оркестрі, кітапхана, басқа да мәдни-тұрмыстық мекемелер бар. Ауыл Қарағанды – Ақтоғай тас жолы бойында орналасқан. Ең жақын Сәкен Сейфуллин (бұрынғы Жарық) темір жол станциясы 176 км жерде.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>