Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тастұмсық (көне қала)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(-Санат:Мәдениет; +Санат:Қазақстан көне қалалары; +Санат:Шу ауданы географиясы (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Тастұмсық – көне қала орны.
Шу ауданында Бәйдібек ауылынан оңтүстікке қарай 11 км қашықтықта, Тасөткел су қоймасының оң жағалауында орналасқан. 10 – 12 ғасырларда гүлденген қала ретінде танылған. Тастұмсықтың қазіргі көрінісі биіктігі 1,7 – 2 м болатын төбе тәріздес. 1980 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық экспедициясының отряды (жетекшісі М.Елеуов) зерттеу барысында қамал қабырғасына, бірнеше ғимарат орнына қазба жұмыстарын жасады. Қазба барысында керамикалық ыдыстар табылды.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>