Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жалпақасар"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Қармақшы ауданы → Қармақшы ауданы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Жалпақасар — ежелгі қала орны (б.з.б. 3 ғ. — б.з. 3 ғ.). Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы темір жолы стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде орналасқан. Жалпақасарды 1946 — 1948 ж. Хорезм археологиялық экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген. 1949 — 1966 ж. Л.М. Левина зерттеу жұмысын жүргізді. Қала үйлері мен қорғандары сабан араластырып құйған күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған.Қазба барысында әр түрлі пішіндегі көзе, құмыралар, мал сүйектері табылды. Қоныстан табылған заттарға қарағанда, Жалпақасардың халқы мал шаруашылығымен айналысып, егін еккен.