Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бекетов неуромасы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Өңірлер)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Бекетов неуромасыкрестгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында, сондай-ақ Кетпен жотасында кездеседі. Биіктігі 15-40 см. Сабағы жапырақсыз, түкті. Желек жапырақтары қысқа сағақты, калақ-жұмыртқа пішінді, кейде қандауыр тәрізді, түкті, түксіз болады. Тостаған жапырақшалары қарақошқыл түсті, күлтелері күлгін немесе лағыл түсті. Мамыр-маусымда гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс салады. Жемісі — бұршаққын. Әсемдік өсімдік. Сирек кездесетін эндемик. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub