Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров"
ш («Қарағанды облысында туғандар» деген санатты аластады; «[[Санат:Ақсу-Аюлыда туғандар|Ақсу-Аюлыда т...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:31, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров - 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында туған. Ұлты - қазақ
КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін бітірген (1982), заңгер-құқықтанушы.
Заң ғылымдарының кандидаты (1987), докторы (1999). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасында нашақорлықпен күрестің концептуалды проблемалары (криминологиялық және қылмыстық-құқықтық зерттеу)». Профессор.
«Подросток в орбите наркотизма: проблемы, предупреждение» (тең авторлықта, 1997), «Уголовно-правовые меры борьбы с преступлениями, связанными с наркотиками» (тең авторлықта, 1998), «Концептуальные проблемы борьбы с наркотизмом в РК (криминологическое и уголовно-правовое исследование)» (1999) кітаптарының авторы. 70-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).
1982 жылдан - КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебінің оқытушысы. 1984 жылдан - КСРО ІІМ БҒЗИ адъюнкті. 1987 жылдан - ҚР ІІМ (МТК) ҚЖМ оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Нашақорлықты бақылау бойынша мемлекеттік комиссиясының хатшысы. 2000 жылдың мамыр айынан - ҚР Нашақорлық пен наша бизнесімен күрес агенттігі төрағасының орынбасары. 2001 жылдан бері - ҚР Әділет министрлігінің Нашақорлық пен наша бизнесімен күрес комитеті төрағасының орынбасары. 2002 жылдан - мемлекеттік инспектор, 2004 жылдан - қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі , 2005 жылдың сәуір айынан - хатшылық меңгерушісінің орынбасары, 2005 жылдың маусым айынан - хатшылық меңгерушісі - ҚР қауіпсіздік хатшысының орынбасары.
2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
2009-2011 жылдары - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Құрмет» орденімен (2006), «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Үйленген, екі баласы бар.
Сілтемелер
Мәжілістің құрамы мен құрылымы, ӘБДІРОВ Нұрлан Мәжитұлы
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify