Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ембімұнайгаз"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:30, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
«Ембімұнайгаз» — Қазақстандағы ең көне мұнай компаниясы. Ол алғаш рет 1922 Ембімұнай тресті болып құрылған. Қазір оның құрамындағы «Қайнармұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Доссормұқнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» деп аталатын 4 өндіру басқармалары Атырау облысындағы 37 кен орынын игеріп жатыр. Олардың ішіндегі 15 кеніштің өнім өндіру көлемі тым төмен деп саналады. Жалпы мұнай қоры 68 миллион тоннаға бағаланған. Кәсіпорын жыл сайын 2,7 миллион тонна мұнай өндіреді. Онда бес жарым мыңға жуық адам еңбек етеді.