Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссариатының Қазақ бөлімі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Ciлтемелер :: clean up, replaced: 1998 ISBN → 1998 жыл. ISBN using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:30, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

ҰЛТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚ КОМИССАРИАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ БӨЛІМІ — Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының органы. 1918 ж. 11 мамырда құрылған. Ә.Жангелдиннің ұсынысы бойынша оның меңгерушісі болып, алдымен М.Тұнғашин, кейіннен Х.Бекентаев, т.б. қазақ қайраткерлері қызмет етті. Бөлім қазақ жеріндегі ұлт мәселесі жайлы мәліметтерді комиссариатқа жеткізіп отырумен қатар жергілікті ұлт арасында кеңестік ұлт саясатын жүзеге асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырды. Соған орай Алашорда үкіметі мүшелерінің саяси ұстанымдарына қарсы шығып, оларды ұлт мүддесіне қайшы әрекет етуде деп көрсетуге тырысты. Бөлімнің жанынан баспа, өзге тілдердегі кітаптарды қазақ тіліне аудару, мәдени-ағарту, үгіт-насихат секциялары ұйымдастырылды. Бөлім мүшелері Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасын құру жөніндегі әзірлік жұмыстарына қызу ат салысты.

Ciлтемелер :

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify