Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Абсолюттік құқылар"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қолданылған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:29, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

АБСОЛЮТТІК ҚҰҚЫЛАРсубъективтік құқылар, оны иеленуші тұлғаға белгілі бір міндеттілік жүйеленген адам немесе адамдар тобы қарсы тұрады. Мұндай міндеттілік — АБСОЛЮТТІК ҚҰҚЫЛАРды кемсітетін кез келген іс-әрекетті жасаудан тежеліп қалу, бас тарта білу. Кез келген адам АБСОЛЮТТІК ҚҰҚЫЛАРды бұзуы мүмкін болғандықтан, заң кез келген және әрбір адамнан немесе адамдар тобынан АБСОЛЮТТІК ҚҰҚЫЛАРды қорғайды. АБСОЛЮТТІК ҚҰҚЫЛАРдың санатына мүліктік құқылар (мысалы, меншік құқы), сондай-ақ жеке мүліктік емес құқылар (мысалы, автордың жеке мүліктік емес құқылары, шығарманың авторы ретінде мойындалу құқы, шығарманы өзінің шынайы аты-жөнімен немесе бүркеншек атымен пайдалану құқы, т.б.) жатады. Қазақстан Республикасында АБСОЛЮТТІК ҚҰҚЫЛАР, ең алдымен, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген негізгі құқылары болып табылады. Жекелеген құқықтық қарым-қатынастарда АБСОЛЮТТІК ҚҰҚЫЛАР салыстырмалы құқыларға ұласып жатады.

Дереккөздер

  • Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub