Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Казус"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Сілтемелер: clean up, replaced: “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4 – том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысан using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:29, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Казус (лат. casus – оғаштық, шырғалаң), құқықта – 1) адамның еркінен тыс болатын оқиға, сондықтан оны сол нақты жағдайында қарастыруға болмайды; 2) қасақана және абайсыздықпен жасалған әрекеттен өзгеше түрде сырт белгілері ғана құқық бұзушылық болып көрінетін, алайда кінә нышандарынан ада, демек, заңи жауапкершілік жүктемейтін кездейсоқ әрекет. Сөйтіп құқықтағы оқиға ұғымына адамның кінәсі қарама-қарсы қойылады. Казустан еңсерілмейтін күш ұғымын да ажырата білу қажет; 3) күрделі немесе шатысқан, шырғалаңды заңи іс.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub