Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбдірахман Досанов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:29, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Досанов Әбдірахман(1904, Тараз қ. – 30.10.1972, Алматы) – заңгер. 1921 ж. теміржол техникумын, Ташкентте ОГПУ-дың дайындық курстарын бітірген. 1921 – 29 ж. ОГПУ-дың Қарағанды облысындағы органдарында қызмет етті. 1937 – 39 ж. Ақтөбе облысы сотының судьясы, Родников ауданы атқару к-тінің хатшысы; 1939 – 40 ж. Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданы партия к-тінің бірінші хатшысы; 1940 – 42 ж. Қазақ КСР Әділет министрінің орынбасары, БК(б)П Алматы обкомының бірінші хатшысы; 1942 – 43 ж. Мәскеудегі Қызыл Армияның жоғары саяси мектебінде оқыды; 1944 – 45 ж. Белорус майданының 34-жеке саперлік-инженерлік бригадасының саяси жетекшісі; 1946 – 58 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы. Қызыл Ту, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub