Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ибраһим ибн Хусейн"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (+Санат:1179 жылы туғандар; +Санат:Билеушілер (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:28, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Ибраһим ибн Хусейн (1179 – 1204) – Батыс Қарахандар әулеті мемлекетінің билеушісі.
Өзі билік еткен тұста Батыс Қарахандар әулеті иеліктерін біріктіріп, Бұхара, Үзкент қалаларына билік еткен. Ибраһим ибн Хусейн беделі өсіп “сұлтандардың ұлы сұлтаны”, “Қылыч Тамғаш хан”, “Қылыч Арслан қаған” деген лауазымдарға ие болды. Ибраһим ибн Хусейн тұсында Орталық Азияда қидандар, гуридтер мен хорезмшахтардың қозғалысы бой көтерді. Бұхараға көз тіккен хорезмшах Текешпен арадағы қатынасы шиеленісе түсті. Ибраһим ибн Хусейн баласы Османды өзінің орнына билеуші етіп қойды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>