Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тоқаш Бокин"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (+ 3 санат; ±Санат:ТарихСанат:1890 жылы туғандар (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:28, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Бокин Тоқаш (1890 - 1918) - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Қазақстанда (Жетісуда) Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы.

Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясында оқыды, сот органдары мен Верныйдың қоныс аударушылар басқармасында аудармашы болып жұмыс істеді. 1914-1916 жылдары Петроградтың Сот палатасында, зауытта жұмыс істеді.

1918 жылы наурызда облыстық революциялық комитеттің мүшесі болып сайланды, Жетісу облысындағы орыс-қазақ қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі комиссариат комиссарының орынбасары болды. Ауыл және селолық кеңестерді құруға қатысты. 1918 жылғы сөуір-мамыр айларында Верныйдағы Кеңес өкіметіне қарсы болған бүлікті басуға қатынасты. 1918 жылдың қыркүйегінде саяси күрестің құрбаны болды.<ref>Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Hist-stub