Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұхамеджан Қарабайұлы Қарабаев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Алфавит бойынша тұлғалар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:27, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Тұлға Қарабаев Мұхамеджан Қарабайұлы (1858, Торғай облысы, Николаев уезі, №4 ауыл, — 10. 01. 1928, Қостанай) — алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі. Троицк гимназиясын (1881), Қазан университетінің мед. факультетін бітірген (1887). Сол жылы Қазан және Орынборда клиника дәрігері. 1888-1899 жылдары Қостанайда қалалық аурухана дәрігері, Ырғыз уезінде дәрігер (1907-1911). 1911-1916 жылдары Якут облысына жіберіліп, онда ел арасында көп тараған алапес ауруын емдеді. Өзінің 40 жылдық дәрігерлік еңбегімен республикамыздың денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру, дамытуға елеулі еңбек сіңірді. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6</ref>
Дереккөздер
<references/>