Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жауыр ауруы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Ауру → Санат:Аурулар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:23, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Жауыр, көбінесе, жылқыда кездесетін ауру. Жауыр жегіске, мініске пайдаланылатын жылқы шоқтығының, арқасының жарақаттануымен сипатталады. Аурудың негізгі себептері: жылқының мойнындағы қамыттың не арқасындағы ер-тұрманның үйлеспеуі, терлік пен [[тоқымтоқымның лас және қатты түйінді болуы, ер салудың тәртібін сақтамау, т.б. Жауыр болған жылқының арқасы алғашқы кезде домбығып ісінеді. Жұмысқа пайдалануды тоқтатпаса 2 — 3 күннен кейін ісінген жердің терісі іріңдеп, жараға айналады. Жараны антисептикалық дәрілермен емдейді. Жауыр болған малды әбден жазылғанша мінуге, жұмысқа пайдалануға болмайды. Жауыр болмау үшін жұмыс көліктерін, қамыт пен ер-тұрманды дұрыс пайдалану керек.
Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала