Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көліктегі жарнама"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Көлік → Санат:Транспорт) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:22, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Көліктегі жарнама – қоғамдық көлікті пайдаланатын миллиондаған адамдарды қамтитын, тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету салалары жайында ақпарат беру арқылы оларға сұранысты көбейтуді көздейтін жарнама түрі. К. ж-ның үш түрі бар: 1) қоғамдық көлік салоны ішіне ілінетін планшеттер; 2) көлік құралдарының алдыңғы және артқы бөліктерінде, сондай-ақ бүйір жақтарында орналастырылатын сыртқы жарнамалық планшеттер; 3) қоғамдық көлік ст-ларында және олардың төңіректерінде орналастырылатын стансалық плакаттар. Қазіргі уақытта жарнамалар қос тілде, кейде ағылшын тілінде де жазылатын болып жүр.