Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көрсетімдік деңгей"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:17, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Көрсетімдік деңгей (Представительный уровень; presentation layer) — ашық жүйе әрекеттестігі үлгісінің алтыншы деңгейі. Бүл деңгейде мәліметтердің көрсетім функциялары (шарт таңбалау, бөліп белгілеу, құрылымдандыру) жүзеге асырылады, қолданбалы деңгейден немесе деңгейге сұратулар қабылданады немесе жіберіледі, дестелердің немесе файлдардың пішімі (форматы) тексеріледі, мәліметтерді әрбір нақты есептеу машинасының ішкі сандар пішіміне түрлендіру жұмысы және мәліметтерді рүқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін оларды шарттаңбалау процесі (ал мәліметтер қабылдау кезінде кері шарттаңбалау) жүргізіледі. Сонымен, Көрсетімдік деңгейге файлдар пішімін түрлендіру міндеттері жүктеледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub