Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қос өрісті транзистор"
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Информатика → Санат:Ақпараттану) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:17, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Қос өрісті транзистор (Биполярный транзистор; bipolar transistor) — үш электроды: эмиттері, базасы және коллекторы бар жартылай өткізгіштік құрал. Бұл аспап екі типті тозаңдатылған жартылай өткізгіштен қалыптастырылған "сэндвич" типті құрылымнан, яғни екі р-п-өтуі бар р-п-типті кремнийден тұрады. Ортаңғы қабат р-типті жартылай өткізгіш болғаңда п-р-п-транзистор қалыптасады, ал ортаңғы қабат ретінде п-типті жартылай өткізгіш пайдаланылғаңда р-п-р-транзистор қалыптасады. Осы ортаңғы орталық қабат транзистордың базасын жасайды. Қос өрісті транзистордың бұлай аталуы зарядты тасуыштың екеуі де: электрон да, кемтік те электр тоғының пайда болуына өз үлесін қосады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Ішкі сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
<references/>