Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бесбілезік"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
00:15, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Бесбілезік - аралары шынжырмен біріктіріліп жасалған білезік пен сақиналардан тұратын, екі-үш саусаққа қатар киетін сәнді әшекей түрі. Тас қондырылып, түрлі өрнектер бедерленген білезік тойнақпен бекітіліп, оған жалғанған үзбеге шынжырлармен 2-3 сақина байланады. Білезігі жалпақ болады, сақиналары құстұмсық, отау түрлерінде жасалады. Үзбесі қол үстінен өтетіндей. Алдымен сақиналары киіледі. Білезігіне кейде топса салынып, алып-салуға ыңғайлы етіп жасалады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>