Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бағзама"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Бағзама - жуылған кір суының атауы. Кір суы кез келген жерге төгілмейді. Ол үшін үйден аулағырақ жерден су төгуге арналған шұңқыр қазылады. Бұл кір суы төгілген жер лас және ондай жерге жын-шайтан үйір болады деген түсінікпен байланысты. Сондықтан кір суы төгілген шұңқырдың маңайында бала-шағаның ойнауына және кешқұрым әйел адамға қайталай кір суын төгуге тыйым салынған. Дәстүрлі орта ұғымында әйел адам кешқұрым кір суын төксе және түн мезгілінде кір жайса, оған күл-қоқыс, лас жерлерде жүретін жын-перінің салқыны тиеді-мыс.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub