Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ауыз кергіш"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Ауыз кергіш - халықтық мал дәрігерлігінде қолданылады. Ауыз қуысына емдеу шарасын жүргізген кезде малдың ауызын керіп ашып тұруға арналган құрал. Ауыз кергішті көбінесе, шынықтырылған асыл темірден ұсгаларға соқтырған. Жылқы, сиыр, түйе түлігінің аузын керіп ашуға арналган ауыз кергіш жұмыр темірден арасын бір қарыстан астам етіп иіп, олардың арасына екі қатар жұмырланған темір шыбықты көлденең салып дәнекерлейді.
Малға ұры тіс шығу, жылқыда сақау деп аталатын бітеу жараны емдеуге байланысты қолданылады. Сондай-ақ таңдай мен көмекейге үшкір зат тұрып қалғанда және селеу, көде, қияқ, ши, бұта-бүргендер көмекей, қолқа, таңдайға қадалып қалған жағдайда емсек адам ауыз кергішпен малдың ауызын керіп ашып тұрып, қадалған затты алып тастап, жараны емдейді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>