Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сарытоғай (оба)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Ұйғыр ауданы → Ұйғыр ауданы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Сарытоғай — ертедегі көшпелілер обасы. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы а-нан 18,2 км жердегі Сарытоғай сайында, Шарын өз-нің оң жақ жағасында 108 обадан тұратын қорым орналасқан. Қорымды 1956 ж. Жетісу археол экспед. (жетек. Е.И. Агеева) зерттеді. Етегінде дөңгелек тас қоршаулы топырақ және тас үйінділі бұл обалардың диам. 3 — 20 м, биікт. 0,1 — 1,6 м. Қазылған оннан астам обада солт-батыстан оңт-шығысқа қарай созылған қабір шұңқырларына адамды көбіне шалқасынан жатқызып, басына ағаш жастық жастап жерлеген. Оң жағына балшықтан істелген, ернеуі сыртқа қарай шығыңқы, түбі жалпақ құмыралар, ағаш кеселер, темір пышақтар, қола алқалар, моншақтар мен қойдың құйымшақ сүйектерін қойған. Қорымға адам мүрдесін жерлеу б.з.б. 3 ғ-дан бастап, б.з. 2 ғ-на дейін созылған. Сондықтан да обалар тізбектеле, дөңгелек құрай және шашыранды түрде жатыр. Жерлеу тәсілінде жалпы ұқсастық болғанымен әр жерлеу өзінше ерекше. Мыс., бір қабір шұңқырының қабырғаларын ағашпен қалап, ішіне мүрде жанына темір пышақ пен ғұрыптық ас — қойдың құйымшағы салынған әр түрлі пішінді бес-алты құмыра қойған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub