Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Өкіл күйеу"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Әдет-ғұрыптар → Санат:Салт-дәстүрлер) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:12, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Бірі жасы үлкен, бірі жас екі ер адам тым жақын достық әрі сыйластық қарым-қатынаста болады. Бірімен-бірі туыстай араласып, бірінің жоғын бірі түгендеп, жан аямас достық қалыпта жүреді. Мұндай кісілер бірін-бірі "өкіл күйеу" деп атайды. Бірақ бұлар кәдімгі күйеу емес, атауы ғана солай болғанмен достықтан да, туыстықтан да жақын көңілдес болады. Мұны екі ұлт өкілі немесе құрбы адамдар арасындағы "тамырлық" қатынаспен шатастыруға болмайды. Бұлардың айырмашылығы адамдардың жас ерекшелігімен ажыратылады.
Дереккөздер
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.