Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Төркін"
ш (clean up, replaced: Қазақ энциклопедиясы, 8 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ эн using [[Project:AWB|AWB]]) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:12, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
ТӨРКІН – ұзатылған қыздың туған-туысқаны, ел-жұрты. Ежелгі түрік заманында төркін ру, тайпа, ел жағынан “қандас-туыстар үйі” мағынасын білдірген. Қазақтың дәстүрлі қоғамында төркіннің айтарлықтай зор мәні болған. Ұзатылған қыз төркіндеп келсе, төркін жағы қалаған затын беруге міндетті деп есептелінеді. Мұндай жағдайда қыздың барлық туған-туыстары оны қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, риза етіп аттандыруға тиіс. Төркіндеу – әр қыздың парызы және оның бір-ақ рет төркіндеп баруға қақысы бар. Төркіндеудің халықтық, дәстүрлік маңызы зор және ол әйелдерге ғана тән ғұрып. Қазақ дәстүрінде қыз төркіндеп, күйеу қайындап, жиен нағашылап барады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
Сілтеме
<references />