Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жиенқұйрық"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:12, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Жиенқұйрықжиенге жасалатын жоралғы. Жиен алғаш нағашы жұртына келгенде бәсіре алады. Халық дәстүрі бойынша, жиен нағашыларынан қалаған затын, яғни Жиенқұйрық алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай, үш рет сұрағанын беруге міндетті. Қалағанын бермесе, ол жиендік жасап, басқа жолмен алуға ерікті. Қазақстанның кейбір аймақтары Жиенқұйрықты “жиеннің қырық серкеші”, “қырық шұбар тай” деп те атайды. Жиен бәсіресі — 40 серкешті нағашылар жағы алғаш төркіндеп барған жас жұбайлар мен сәбиге кәде ретінде айдатып жіберетін болған.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub