Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шымкент еңбек және соғыс ардагерлерінің хоры"
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Шымкент еңбек және соғыс ардагерлерінің хоры – әуесқой хор ұжымы. 1975 ж. Шымкент қорғасын зауытына қарасты қалалық Металлургтер мәдениет сарайы жанынан ұйымдасты. 1979 ж. оған халық хоры атағы берілді. Ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі – Республика әуесқойлар өнері байқауының лауреаты Е.В. Азарова, концертмейстері Ю.Б. Егорова (1975 жылдан) болды. Хор ұжымы Ұлы Отан соғысы туралы патриоттық тақырыптағы өнерді насихаттай отырып, жастарды қаһармандық-ерлік рухында тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосты. Хор ұжымы қаладағы өндіріс орындарына, мектептерге, техникумдарға, кәсіптік-техникалық училищелерге, институттарға, Оқушылар сарайына, қарттар үйіне барып, көрермендерге мәдени қызмет көрсетті. Бүкілодақтық және Республика еңбекшілер көркемөнерпаздық шығармашылығы байқауының дипломымен марапатталған. Республика еңбекшілер көркемөнерпаздық шығармашылығы конкурсының лауреаты (1963).