Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сарын"
ш (Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Музыка (жанр бойынша) → Санат:Музыкалық жанрлар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Сарын — ән жанрының речитативті саласының бір түрі. Поэзиялық және музыкалық әуен бірлестігінен туған халық шығармашылығы. Сарын жыраулардың философиялық толғауларында (Қорқыт пен Асан Қайғы сарындары) кеңінен қолданылған. Сарын күй Сарыны, бақсы Сарыны, терме-толғау Сарыны болып бірнеше түрге бөлінеді. Бақсы Сарынында бақсы қобызда ойнап, неше түрлі адам таңғаларлық іс-қимылдар жасап, ерекше сарынына басып, ауруды емдеуге әрекеттенген. Халық арасында байырғы ән-әуен түрлері де Сарын аталады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Қазақстанның солтүстік шығыс облыстарында «сарын» сөзі бақсы сарыны және тұрмыс-салт әндері терминдеріменен бірігіп, қоса қолданылады. Мысалы, «Жар-жар» сарыны, «Беташар» сарыны, «Қыз сыңсу» сарыны т.б.<ref>Қазақ музыкасы, Алматы 2005 жыл, 445 бет</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify