Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ғарифолла Көшенов"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
00:07, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Ғарифолла Көшенов (17.2.1939 ж. т., Бөкей ордасы ауданы, Бисен а.) — журналист, ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1971), Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1988).
Еңбек жолын «Орда» кеңшарында механизатор болып бастаған. 1958 ж. облыс ақындарының түңғыш айтысына қатысып, 3-орын алған. 1959 ж. облыс ақындарының 2-айтысында жеңімпаз болып, «Облыс ақыны» атанған. 1964 ж. ҚазМУ-дің филология факультетін бітіріп, Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінде тілші, бөлім меңгеруші, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, бас редактор, 1990-93 ж. облысы теле-радиокомпанияның төрағасы қызметтерін атқарды. «Жас дәурен» (1961), «Кең жайлау» (1962) жинақтарына топтама өлеңдері, «Еңбек даңқы» (1978) кітабына очеркі енді. Айтыстары «Ақындар үні» (Орал, 1958) жинағында жарияланған. Қазір Алматы қ-нда тұрады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>