Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Білім беру мақсатындағы ұлттық хабарлар тарату ұйымының ассоциациясы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Массмедиа)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Білім беру мақсатындағы ұлттық хабарлар тарату ұйымының ассоциациясы ("НАЭБ") — 1925 жылдан бастап коммерциялық емес мақсатта білім беру саласына арнап хабарлар даярлайтын ұйым. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.


"НАЭБ" құрамында екі басқарма бар. Оның бірі теледидарға, екіншісі радиоға арнап хабарлар әзірлейді. Екі басқарма да алты аймақтық секторға бөлінген. Ассоциация білім беру ісімен шұғылданатын 148 ұйым мен мекемені біріктіреді және оның қарамағында 154 радио, 36 телестанциясы бар. Одан бөлек, білім беру саласындағы хабарларды даярлайтын түрлі орталықтарды да біріктіреді. "НАЭБ" кейбір жекелеген станциялар арасында бағдарламалар алмасумен де шұғылданады. 1960 жылы Мичиган штатында осы мақсатқа арнап арнаулы орталық құрылады.

Дерекөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала