Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Куликова Ада Леонидовна"
ш (clean up, replaced: ==Дереккөздері== → == Дереккөздер == using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Куликова Ада Леонидовна — 1950 жылы Украин жеріндегі Донецк облысы Енакиево қаласында туған. Мәскеудегі полиграфиялық институтты экономика және өндіріс ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірген(1978) <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.
Еңбек жолын 1967 жылы Ф.Дзержинский атындағы мақта-мата фирмасында бастаса, "Қайнар" баспасында 1979 жылдан күні бүгінге шейін қызмет істеп келеді: әуелі аға экономист, артынан жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, ал 1993 жылдан — бас есепші. Осы уақытта ол баспадағы әрбір редакцияның қаржылық көрсеткіштерін жоспарлап, шығарылатын өнімдердің пайда-зиянын алдын ала анықтауға қатысты, сөйтіп жаңа нарықтық жағдайларға көшкен кезде туындайтын мәселелерді шешудің жолдарын өзге шығармашылық қызметкерлермен бірге іздестіріп отырды. Ол қаржы-қаражат саласындағы өз білімін жетілдіруге үнемі көңіл бөлуде.
А.Л.Куликова баспа саласындағы жемісті еңбегі үшін әрдайым сыйлықтар алып әріптестер тарапынан марапатталып келеді.
Дереккөздер
<references/>