Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қабдыкәрім Ыдырысов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Sibom Ыдырысов Қабдыкәрім бетін Қабдыкәрім Ыдырысов бетіне жылжытты)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Ыдырысов Қабдыкәрім (1928-1978)Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Октябрьдің 25 жылдығы атындағы кеңшарда туған.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1948 жылы Павлодар педучилищесін, 1962 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1948-1952 жж. Павлодар облыстық атқару комитетінде істеген, 1952-1957 жж. республикалық, "Қазақстан пионері" газетінде бөлім меңгерушісі, 1957-1961жж. "Қазақ әдебиеті" газетінде жауапты хатшы, 1965-1972 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1972-1975 жж. Қазақ мемлекеттік кітап палатасының директоры, 1975-1978 жж. "Жалын" баспасының директоры қызметтерін атқарды.

Үлкенді-кішілі отыздан астам кітабы жарық көрген. А.Пушкин, М.Лермонтов, Н.Хикмет, Т.Шевченко, А.Барто, С.Михалков, С.Вургун өлеңдерін аударған.Қазақ КСР-нің Құрмет Грамотасымен, "Еңбектегі ерлігі үшін", т.б. медальдарымен марапатталған. Халық ағарту ісінің озық қызметкері.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала