Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Макетті кинотүсірілім"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Макетті кинотүсірілімфильм түсіруге әртүрлі нысандардың, ғимараттардың, машиналардың т.б. белгілі бір масштабта кішірейтілген макеттерін пайдалану тәсілі.<ref> Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім»</ref>.

Макетті кинотүсірілімнің екі түрі бар: біріншісі – тек макеттер арқылы түсіру, екіншісі – макетті пайдалана отырып құрама түсірілім жасау. Қалалардың, ғимараттардың, тоғайлар мен таулардың, пойыздың, ұшақтар мен танктердің, автомашиналардың т.б. өртенуі, жойылуы, апатқа ұшырауы секілді түсірілуі өте қиын әрі қымбатқа түсетін көріністерді осы макетті кинотүсірілім арқылы жүзеге асырады.

Орнықты макеттер қозғалыссыз, яғни үнемі бір орында тұратын көріністерді түсіруге және құрама түсірілім жасау үшін қажет болса, қимылды макеттер алыста ұшып бара жатқан ұшақты бейнелеу үшін, ал мультипликациялық макет қимылды жеңілдету үшін және оларды кадрға бөліп түсіру үшін қолданылады.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала