Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қайыр Құрақұлы Бектұрғанов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Қайыр Бектұрғанов<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1937 жылы 5 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Калмыково қалашығында дүниеге келген.

Оқу баспалдағы

1960 жылы ҚазПИ-дің физика-математика факультетін тамамдаған. 1963 жылдан бастап еңбек демалысына шыққанға дейін жоғарғы оқу орындарында жоғарғы математиканың әр түрлі курстарынан сабақ берді.

Еңбегі

Алғашқы әңгімесі («Арман») 1965 жылдың 19 желтоқсанында облыстық «Орал өңірі» газетінде жариялайды. Содан бері шығармалары облыстық газеттерде, әр кезде «Қазақ әдебиетінде», «Жалында», «Мәдениет және тұрмыста» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдызда» жарық көрді. Екі новелласы орыс тілінде шыққан «За днем грядущим» жинағына енген («Жалын», 1978). 2007 жылы үш томдық шығармалар жинағы шықты. «Кері толғау», «Қатқақ», «Ат жалы» деген үш кітаптан тұрады. 1976 жылдың қортындысы бойынша «Жалынның» жабық бәйгесінің жүлдегері атанды (балаларға арналған «Атжалы» повесі үшін).

Шығармалары

  • Бабаназар терегі. Әңгімелер. А., «Жалын», 1978;
  • Ізгілік жолы. Повестер. А., «Жалын», 1980.
  • Қатерлі қияда. Повестер. А., 1984.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub