Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Зейнел Ғабиден"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: анықтамалық. - Алматы → анықтамалық. — Алматы, ЖШС, 2010. → ЖШС, 2010 жыл. using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Зейнел Ғабиден, әл-Омскауи (1881, Ақмола облысы, Көкшетау ауданы, бұрынғы Саға ауылы – 1920, Ақмола облысы, Көкшетау ауданы, бұрынғы Сиыршы ауылы) – жазушы. Алғаш Қызылжарда (Петропавл) оқып, кейін Уфада Ғалия медресесін бітірген. Еліне оралып, 1916 жылы Сиыршы ауылында қазақ балалары үшін мектеп аштырған. Қазақ халқын мәдени-ағарту жұмысына, отырықшылыққа шақырды. Зейнел Ғабиденнің негізгі еңбегі “Насихат қазақия” Уфада жеке кітап болып шықты (1909). Бұл кітапқа автордың мәдени-ағарту саласындағы тілек-талаптары мен ана тілін ардақтау, сөз өнерін дамыту туралы ойлары енген. Сонымен бірге Зейнел Ғабиден бұл еңбегінде қазақ әдебиеті мен шешендік өнерді өркендету ісіне Абайды үлгі етіп ұсынады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub