Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жұмабай Есбатыров"
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Еңбек ардагерлері) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Жұмабай Есбатыров (1.1. 1907, қазіргі Сырдария ауданы – 1993) – жазушы, аудармашы.
Шымкент педагогика техникумын (1930), «Правда» атындағы Бүкілодақтық КИЖ-ді бітірген (1937). Сондай-ақ, Шығыс халықтары институты жанындағы марксизм-ленинизм классиктері шығармаларының редактор-аудармашыларын даярлайтын жоғары курсында оқыған.
Әр жылдары аудан, облыс, республика газет-журналдарда арнаулы тілші, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, редактор, кейін республика баспаларында басшылық қызметтерде болған.
Ол М.Горькийдің, С.Михалковтың, О.Бальзактың, Б.Кербабаев, Л.Кассильдің, Батыс Еуропа классиктерінің туындыларын қазақ тіліне тәржімелеген. 100-ден астам фельетон, очерк, әңгімелері бар.
«Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», т.б. медальдармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Аудармалары
- М. Горький. Васса Желенова. Пьеса. А., ҚМКӘБ, 1948;
- К.Гальдони. Екі мырзаға бір қызметкер. Пьеса. А, ҚМКӘБ, 1948;
- Н.Вирта. Құтыл мастардың заговоры. Пьеса. А, ҚМ КӨБ, 1950;
- А.., Коран. Партия кандидаты. Пьеса. А, ОПБ,1951;
- С.Михалков. Қызыл галстук. Пьеса. А, ОПБ, 1952;
- Л.Кассиль, М.Поляновский. Кенже ұлдың көшесі. Повесть. А, ҚМ КӨБ, 1955;
- А.Файзи. Тоқай. Роман. А., ҚМКӘБ, 1962;
- Б.Керабаев. Шешуші адым. Роман. А, «Жазушы», 1968.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>