Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айлас, мұңдас"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, Бес жүз бес сөз.—Алматы → Бес жүз бес сөз.— Алматы, Рауан, 1994. → Рауан, 1994 жы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Бұл сөздерді қатар, қабаттастыра талдауымыздың себебі — екеуі тілімізде қолданылатын «Айлас қатын мұңдас» деген мақалдың құрамында келуі. Сырт қарағанда, «айластың» да, «мұңдастың» да мағыналарын түсіну қиындық тудырмайды: айлас — босанатын айы, мезгілі бір, шамалас, ал мұңдас — «қайғысы мен қуанышын ортаға сала сөйлесетін сияқты ұғымдар береді. Кейбір тіл деректеріне зер салсақ, біздің бұл білетін мағыналарымыз — сол сөздердің соңғы, туынды мағыналары екендігін аңғартады, Хакас тілінде «айлығ» тұлғалы сөз — қазақ тіліндегі «екі қабат», «жүкті әйел» мағынасында қолданылады. Хакас тілінде ондай әйелдердің босану мерзімінің шамалас, бірдей екендігін ажыратпай, тек жалпы екі қабат әйелдерге ғана айтылады. Ал сарыкөл тілінде: мынгдош — әңгіме, сөйлесу мағыналарын береді. Егер осы тілдік мәліметтерді еске алсақ, колданылып жүрген мақалымыздың мағынасы «айы, күні бір қатындар мұңдас» емес, жалпы алғанда, «жүқті әйелдер әңгімелес» немесе «екі қабат қатындардың әңгімесі өзара ортақ, жарасар» дегендей түсінік беретіндігін байқаймыз.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify