Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кеңес Омаров"
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Арал ауданы → Санат:Арал ауданында туғандар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Кеңес Омаров (10.1.1936, Арал ауданы Аманөткел ауылы – 23.5.1996, Тараз қаласы) – танымал спортшы, боксшы, белгілі бапкер. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1968). Еңбек жолын Арал, Қызылорда қалаларында «Еңбек резервтері» спорт қоғамында бастаған. Кейін Шымкент, Тараз қалаларында жалғастырды. Бокстан 57 кг салмақта Өзбек КСР-нің төрт дүркін, Қазақ КСР-нің бір дүркін чемпионы болды. 1958 жылы КСРО халықтарының 1-спартакиадасына қатысқан. Қазақстанда бокс спортының дамуына зор үлес қосты. Жаттықтырушы ретінде С.Қонақбаев, А.Тшанов, М.Жақсыбаев, Е.Тілеуов, Ф.Цой, В.Присяжнюк, Ю.Цхай, т.б. боксшыларды халықаалық. үлкен рингге алып шықты. 56 халықаралық дәрежедегі және КСРО-ның спорт шеберлерін дайындаған. Тараз қаласындағы Спорт сарайына Омаровтың есімі берілген.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы