Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жақсы үгіт"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
00:04, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Жақсы үгіт - қазақ ауыз әдебиеті шығармаларының жинағы. 1908 жылы Қазанда басылған. Ел аузынан жиап, бастырушы - Ішкі Орда зиялысы - Мақаш Бекмұхаммедұлы. Көлемі - 24 бет.
- "Күйеу таңдаған қыз" (құрастырушы атымен берілген)
- "Есек пен бұлбұл" сияқты халық әдебиетінің үлгілері енген.
- Сонымен бірге Шекті Мөңке би, Шеркеш Түрке би, Тана, Нүрке билердің шешендік сөздері де бар.
- Суырып салма ақындар поэзиясынан: "Шалкиіз жыраудың Темірханға", "Жиембет жыраудың Есімханға", "Беріш Есет жыраудың қартайған шағында айтқаны", "Азаұлы ер Доспамбет ағаның жапанда өлейін деп жатып айтқаны",- дейтін жырлары бар.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998