Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сейітов Нәсіпқали"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (top: clean up, replaced: туылған → туған using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Сейітов Нәсіпқали (13.6. 1944 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай кенті) – ғалым, геология-минералдық ғылыми докторы (1991), профессор (1995), “ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы”, геология терминдерінің тұңғыш түсіндірме сөздігінің авторы. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1968). 1970 – 96 жылдары Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтында аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, жетекші ғылыми ғызметкер, лаборотория меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, бас ғылыми қызметкер, 1996 – 2000 жылады Абай атындағы ҚазҰПУ-да, 2000 – 05 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да кафедра меңгерушісі, 2005 жылдан – профессор. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның аймақтық геологиясы және геотектоникасы мәселелеріне арналған. Ол “Литосфералық тақталар тектоникасын” Қазақстан аумағы үшін жетілдірген. Сейітов 150-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік, ғылыми-танымдық, анықтамалық еңбектердің авторы, оның ішінде бірнеше монография, оқулық, түсіндірме сөздіктер, т.б. бар. 1 ғылым докторы, 2 ғылым кандидатын даярлады. “ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” белгісімен және медальдармен марапатталған, “ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” грантының иегері (2005).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Шығармалары

Шығармалары: Тектоника плит и офиолитовые зоны Казахстана (принципы умеренного мобилизма), А.-А., 1988; Жұмыр Жердің тынысы, А., 1991; Тектоника плит: возможные истоки и особенности проявления, А., 1992; Геология терминдерінің сөздігі, А., 1996; Генетическая и геодинамическая модель геологического развития и становления палеозойских офиолитовых зон, А., 2006.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub