Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рахмет Мәзқожаев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Рахмет Мәзқожаев (1881, қазіргі Сырдария ауданы Амангелді ауылы – 23.9.1976, сонда) – халық ақыны. Ұзақ жылдар бойы ұжымшарда өндіріс бригадирі болып істеген. Н.Бекежанов басқарған концерттік-эстрадалық бригада құрамында өнерін көрсетті. Соғыстан кейінгі жылдарда облыстық, республикалық айтыстарда Е.Қандековпен, Ә.Жүргенбаевпен, Ө.Жайлауовпен өнер сайысына түсті. Бірнеше жыр-дастан, терме-толғауларды жырлап, насихаттаған. Мәзқожаевтың «Қойдың арызы», «Қызыл сиырдың арызы», «Малдарды шақыру», «Сырдария сағасы» деген өлеңдері «Пернедегі термелер» (1965), Ө.Жайлауовпен айтысы «Айтыс» (3-т. 1966) жинақтарында жарияланған. Бүкіл түркі халқына кең тараған «Көрұғлы» дастаны (1973) Мәзқожаевтың нұсқасы бойынша жеке кітап болып басылды.