Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Майкөтов Әділбек"
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Майкөтов Әділбек
Майкөтов Әділбек (1870, Атбасар уезі, Сарышөп ауылы – 1919, Атбасар қаласы)– Казақстандағы революциялық қозғалыстарға белсенді қатысушы. Атбасардағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін (1887), Омбыдағы фельдш. мектепті (1981) бітірген. Омбыда оқып жүрген кезінде саяси жер аударылған – революция жасауға ұмтылған көтерілісшіл жастармен танысқан. Мектепті бітіргеннен кейін Майкөтов Атбасар уезінің Теріссаққан және Теңіз болыстарында фельдшер болып жұмыс істеді. 1905 – 07 жылдары төңкеріске қатысып, қазақ еңбекшілердің наразылық бас көтерулерін ұйымдастырған. 1916 жылы ұлт-азаттық көтерліске қатысып, Ақпан буржуазия-демократиялық төңкерісінен кейін 1917 жылы кедейлердің арасында үгіт-насихат жүргізді. 1918 жылы Майкөтов пен С.Н. Царевтің басшылығымен Атбасарда Кеңес үкіметі орнады. Осы жылы Кеңестердің уездік съезінде (17 – 20 ақпан) Майкөтов Жұмысшы, солдат, шаруа және мұсылман депутаттардың уездік кеңесінің мүшесі, 1919 жылы Атбасар уездік кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды. Колчак тылында партизан қозғалысын ұйымдастырып, Атбасар уезіндегі көтеріліс басшыларының бірі (1918 – 19) болды. 1919 жылы маусымда Колчак армиясы әскерлерінің қолынан қаза тапқан. Атбасарда Майкөтов атында көше бар және ескерткіш орнатылған. Астана қаласындағы педагогикалық училищеге, облыстың бір шаруашылығына есімі берілген.
Дереккөздер</span>
«Ақмола облысы» энциклопедиясы.
ҚР ПА 811-қор, 1-тізбе, 7-іс, 1-5 парақ; 9-іс, 27-28 парақ; Нүрпейісов К., Алаш һәм Алашорда, А., 1995.